
4 шілде күні аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ғимаратында «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің Қаратөбе аудандық партиялық бақылау комиссиясымен бірлескен отырысы оздырылды.
Күн тәртібінде:
-ҚР Президентінің ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмасының (бала күтіміне жәрдемақы беру, тұрмысы төмен отбасындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін әлеуметтік көмек – ақшалай беру алгоритмін түсіндіру, көпбалалы отбасыларға арнайы жәрдемақы төленуі) жүзеге асуы туралы;
-Полиция департаменті Орал қаласы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметінің тәжірибесін дәріптеу және атқарған жұмысы туралы;
-Қаратөбе аудандық білім бөлімінің жетімдер фактілерін болдырмау бойынша жұмыс жасау тәжірибесін дәріптеу туралы;
-Ауылдық аумақтардың проблемаларын шешу, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы (ауыл халқын, әсіресе жастарды қолдау, ауылдағы әлеуметтік-көліктік, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіптік кешендегі кәсіпкерліктің шағын нысандары қызметінің тартымдылығын арттыру) туралы мәселелер қаралды. Жиын барысында Полиция департаменті Орал қаласы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметінің тәжірибесі мен Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің жетімдер фактілерін болдырмау бойынша жұмыс жасау тәжірибесін жақсы деп танып, облыс көлемінде тарату жөнінде ұсыныс айтылды.