
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Төлегенова, Батыс Қазақстан облысы Еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы Асылұлан Досжанов және сала мамандары жұмыс сапарымен келген болатын.
Алдымен БҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильдік орталығы» КММ Қаратөбе ауданының «Мансап орталығы» филиалының жұмысымен танысып, сала мамандарымен кездесті.
Кездесуде сөз алған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Мұхитқызы әлеуметтік кодекске енгізілген өзгірістер жөнінде баяндады.
Одан соң Батыс Қазақстан облысының Еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы Асылұлан Тұрсынұлы еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттер жөнінде хабарлама жасады.
Жиын соңында сала қызметкерлері жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, әлеуметтік қызметкерлерге оқу семинарларын өткізу жөнінде сауалдарын қойып, тиісінше жауап алды.