Басқарма басшысының ауданға жұмыс сапары

Басқарма басшысының ауданға жұмыс сапары

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сайран Темірғалиұлы жұмыс сапарымен ауданымызға келген болатын. Жұмыс барысында алдымен Шөптікөл ауылдық мәдениет үйінің жағдайымен танысты.

 Одан соң аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәдениет қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуге аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев төрағалық етіп, күн тәртібінде Қаратөбе ауданы бойынша мәдениет саласының жағдайы қаралды.

Жиында күн тәртібіндегі мәселеге орай Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Нұрлыбек Жазғарұлы ауданымыздың мәдени нысандарының жағдайы турасында хабарлама жасады.

Басқосуда сөз алған ардагер Рамазан Қыдырашев ауылдық мәдениет үйлерін жөндеу мәселесін көтерді. Басқарма басшысы Сайран Темірғалиұлы аталған мәселе бойынша жұмыстар жүргізіліп жатырғандығын айтты.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Қ.Орынбасарұлы ауданның мәдениет саласына әркез қолдау көрсететіндігін атап өтті.