Құрылыс жұмыстарымен танысты

Құрылыс жұмыстарымен танысты

Өткен аптада Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов Қаратөбе ауданында жұмыс сапарымен болды.

Алдымен, облыс әкімінің орынбасары Шалғын ауылында салынып жатырған мектеп құрылысымен танысты. Мектеп құрылысын «ПрофЛайн Констракшн» ЖШС жүргізуде.

 Шалғын ауылында 60 орынға арналған мектеп құрылысы 2022 жылдың шілде айында басталды. Құрылыс жұмысына 10 құрылыс техникасы жұмылдырылып, 60 адам жұмыс атқаруда.

Одаң соң облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Ерсайұлы Шалғын ауылындағы ішкі ауылдық су құбырының құрылысымен танысты. Құрылыс жұмысын мердігер компания «Ар-Ай-НС» ЖШС-гі жүргізіп жатыр. Құрылыс жұмысы тамыз айында қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Шалғын ауылынан соң аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев облыс әкімінің орынбасарын Қоскөл ауылына бұрылатын 9 шақырым кірме жолдың жобалық құжаттарымен таныстырды.  Мердігер анықталып, алдағы уақытта құрылыс жұмыстары басталмақ.