Ауданға жұмыс сапары

Ауданға жұмыс сапары

Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив басқармасының басшысы және сала мамандары ауданымызға жұмыс сапарымен келді. Мәдениет саласының мамандары  елді-мекендердегі мәдени нысандарды аралап,  жұмыс барысымен танысты. Аталған басқарманың басшысы С.Дүйсенов аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, мәдениет саласына қатысты сұрақтарға жауап берді.