Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні

28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің төл мерекесіне орай аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сала ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Кездесу барысында аудан басшысы журналистер қауымының қоғам өміріндегі рөліне, аудандық төл газеттің тарихына тоқталып өтсе,  сала ардагерлері қызмет жасаған уақыттарындағы өз естеліктерін жастармен бөлісті. Кездесу соңында аудан әкімі мерекеге орай құттықтаулар мен естелік сыйлықтарды табыс етті.