
Қаратөбе ауданының 95 жылдығына орай «Атамекен» өнер ордасында «Туған жерім-тұғырым» халық шығармашылығы фестивалі аясында аудан көркемөнерпаздары «Қаратөбем ән мен жырдың ордасы» атауымен мерекелік концерт ұсынды.
Аудан көркемөнерпаздарының сазды бағдарламасының шымылдығын «Ауыл әуендері» халықтық фольклорлық ансамблі «Ұршық» күйімен ашып, «Керім-ай» халықтық би ансамблі бимен көркемдеді.
Қаратөбе ауданының 95 жылдығына арналған ән кешінде «Елім-ай», «Беу, айдайды», «Қаратөбе вальсі» , «Ауылды аңсау», «Қоскөл кеші» және т.б. әндер шырқалып, күй тартылып, өнерпаздардың әсем биімен жалғасты. Ескендір Хасанғалиевтің әндері шырқалды.
Сазды кеш соңында Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сахна төріне көтеріліп қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл мен мәдени демалыс сыйлаған қаратөбелік көркемөнерпаздарға алғысын жеткізді.