Кәсіпкерлер азаматтық танытуда

Кәсіпкерлер азаматтық танытуда

Елдегі төтенше жағдай кезенде саралжындық кәсіпкерлер де елге қол ұшын созуда.

Жаңа форматтағы білім алу кейбір отбасы балаларына оңайға түспегені жасырын емес. Өйткені бір үйден бірнеше бала қашықтан оқитын болса, бәріне бірдей ұялы телефон қажеттілігі туындайды. Бұл қажеттілік қаражатқа келіп тірелді.
Осы орайда өздерінің туып-өскен жеріне қолдау көрсеткен Б.Қаратаев мектебінің 1998 жылғы түлегі, қазіргі таңда «Жайық жарығы» ЖШС бас директоры Қайратқожа Қыдырқожаұлы 616680 теңге көлемінде 12 балаға «Samsung Galaxy A10» маркалы ұялы телефонын сыйға тартса, 1991 жылғы мектеп түлегі, жеке кәсіпкер Айбек Жауғаштыұлы 50 000 теңге көлеменде 5 отбасына азық-түлік ұсынды.