
Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде жиын өтті.
Кездесуде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының БҚО бойынша филиал директоры Нұржамал Жұмағұлова, аталған мекеменің халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Қуаныш Сансызбаев, облыстық онкологиялық диспансер директоры, аудандық аурухананың кураторы Зейіл Мағзомов сөз алып, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмыс жасау тетіктері, сақтандырылмаған адамдардың санын қысқартуға байланысты тиімді ұсыныстарын айтты.
Отырыста сөз сөйлеген Нұржамал Жұмағұлова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша облыста атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Жиын барысында аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп жатырғандығын атап өтті.
Жиналыс барысында округ әкімдері денсаулық сақтау саласы бойынша бірер ұсыныс-пікірлерін, сұрақтарын ортаға салды. Қойылған сұрақтар бойынша тиісті мамандар жауап беріп, қатысушылардың ұсынысын назарға алды.