Жұмыс тобы отырысы оздырылды

Жұмыс тобы отырысы оздырылды

Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанның төрағалығымен 2023 жылдың 22 мамыры күні Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы жанындағы жұмыс тобы отырысы өткізілді. Жұмыс тобы отырысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 2018-2022 жылдардағы атқарылған шаралары туралы және 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралары туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Сафуллиннің хабарламасы тыңдалды.  Егіндікөл, Қоскөл, Саралжын ауылдық округтеріндегі діни ахуал жөнінде округ әкімдері хабарлама жасады.

Білім беру ұйымдарындағы діни ахуал мәселесі бойынша білім беру бөлімінің басшысы Б.Ғарапшиев және Қаратөбе колледжі директорының орынбасары Г.Есендосова хабарлама жасады.

Теолог маман Ә.Жәнібеков деструктивті діни ағымның жетегіне еріп кетушілердің алдын алу мақсатында өз хабарламасын жасады. Жиын соңында Комиссия төрағасы Ж.Сұлтан тиісті мекемелерге тапсырмалар берді.