Құрметті аудан тұрғындары аудан аумағын және жайылымдық жерлерді аса қауіпті зиянды ағза италиялық пурс шегірткесінің таралуын хабарлайды.
Зиянкес жылына бір рет өсіп өнеді. Италиялық шегірткесінің дернәсілдері 35-45 күнде дамиды. Даму кезеніңде 4-5 түлеп, 4-5 жасқа жетеді. Қазіргі таңда 1 жас мөлшерінде. Әдістемелік (методика) нұсқаулыққа сәйкес химиялық өңдеу жұмыстарын дернәсілдердің 2-3 жасында жүргізгенде пестицидтердің тиімділігі жоғары болады.
Өңдеу аландары ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Қаратөбе аудандық филиалы 17.05.2023 ж күнімен берілді, келер апта шегіртке дернәсілдерінің қоныстанған жерлері бойынша толыққанды химиялық өңдеу жұмыстары Қаратөбе, Аққозы, Жусандой, Қаракөл, Қоскөл, Егіндікөл ауылдық округтерінде жүргізіледі. Өңдеу аумақтары жүргізілген жерлерде шаруашылық иеліктерініздегі ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымға жібермеу сұралады. Бал арасымен айналысатын омарташыларды қауіпсіз қашықтыққа көшіру (4-5 км) яғни өңделген аумаққа бал аралары 96-120 сағат (5-6 күн) қоныстанбаулары қажет.
Сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі сенім телефон нөміріне жүгіне аласыздар.
ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық аумақтық инспекция бас маман Т.С. Габбасов
Тел: 8 705 554 81 16