Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанның төрағалығымен 2023 жылдың 11 мамыры күні аудан әкімі аппаратының  мәжіліс залында өтті. Комиссия отырысында «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу», «Арнайы білімді қажет ететін дамуында ауытқушылықтары бар балаларға көмек көрсету», «Кәмелетке толмағандардың арасында жарақат алғандарға көмек көрсету туралы» және «Кәмелетке толмағандардың панасыз, қараусыз қалуының алдын алу, өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды анықтау және қолайсыз отбасылардың жағдайы туралы» тақырыптарында мәселелер көтерілді.

Аталған мәселелер бойынша аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Ғарапшиев, аудандық аурухананың директоры Е.Меңдіғалиев, аудандық педогогикалық-психикалық түзету кабинетінің тәрбиешісі М.Ысқақ және Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Н.Сайнов, Сулыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Т.Нұрбергеновтер хабарлама жасады.

Көтерілген мәселелер бойынша комиссия мүшелері арасында талқыланып, қажетті шаралар қабылдау жөнінде тиісті мекемелерге тапсырмалар беріліп, хаттамаға енгізілді.