Аудан әкімінің Жусандой, Сулыкөл ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесуі өтті

Аудан әкімінің  Жусандой, Сулыкөл ауылдық округтерінде  тұрғындармен кездесуі өтті

Аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі Жусандой, Сулыкөл ауылдық округтерінде жалғасын тапты.

Округ әкімдерінің есеп мерзімде атқарған жұмыстары тыңдалған жиында аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев аудан көлемінде жүзеге асып жатқан және алдағы уақытта жүзеге асатын жобаларға тоқталып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс-пікірлерді тыңдады. Кездесуден соң аудан әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Сонымен қатар, Қалдығайты ауылында демеушілік арқылы салынып жатырған мешіт құрылысымен танысты.