Электр желілеріне қосылу кезінде, техникалық шарттарды қалай алуға болады

Электр желілеріне қосылу кезінде, техникалық шарттарды қалай алуға болады

Облыс тұрғындарын толғандырған сұрақтарға, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің өкілі жауап береді.

Тұтынушыларға электр желісіне қол жеткізу үшін, не қажет?

Электр желісіне қол жеткізу үшін, энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымдар көппәтерлі үйлерде тұратын тұтынушыларды қоспағанда,әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді. Көппәтерлі үйлерде тұратын тұтынушылардың электр желісіне рұқсат алу үшін, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдар,кондаминиум объектісін басқару органының уәкілетті өкіліне техникалық шарттар береді.Электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар, тұтынушыға еркін нысандағы өтініш және электр желілеріне қосылу үшін, техникалық шарттарды беруге өтінішке сауалнама негізінде беріледі.

Қандай жағдайларда техникалық шарттарды алу қажет?

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым қосылу үшін, техникалық шарттарды мынадай жағдайларда:

      1) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда;

      2) тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шарттарда белгіленген қуаттан артқанда;

      3) электрмен сырттай жабдықтау схемасы өзгергенде;

      4) тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты өзгергенде береді.

Техникалық шарттардың алу мерзімі қандай?

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымдар, тұтынушыдан еркін нысандағы өтінішті алғаннан кейін,  тұтынушылардың қосылу схемасы бар жасалған және қол қойылған тұтынушыларға арналған электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату Актісімен бірге 5(бес) жұмыс күні ішінде жаңадан іске қосылған немесе қайта жаңартылған электр қондырғыларын қосу үшін, техникалых шарттарды береді.

Тұтынушылар берілген техникалық шарттармен келіспесе не істеу керек?

 Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда, энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінеді. Сараптама ұйымы тұтынушының өтініші бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жүгінген кезде, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады.Тұтынушы энергетикалық сараптаманың техникалық шарттарда көрсетілген талаптарының дәйексіздігі туралы қорытындысы негізінде техникалық шарттар алу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға еркін нысанда өтінішті қайта береді. Техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды өзгертуден қайта бас тартқан жағдайда, тұтынушы Қазақстан Республикасының белгіленген азаматтық заңнамасымен электр беруші (электр өндіруші) ұйымның әрекетіне шағым береді.

         Батыс Қазақстан облысының электр желілеріне қосылуда «қиындықтар» туындаған жағдайда және қосу бойынша барлық туындаған сұрақтар бойынша тұтынушылардан, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне  Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй мекенжайы бойынша немесе zko.kaenk@energo.gov.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша хабарласуын сұраймыз.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің бөлім басшысы – Тайконов Армат