Әдістемелік көмек көрсетілді

Әдістемелік көмек көрсетілді

Ағымдағы жылдың 11 сәуір күні аудан әкімі аппаратының қызметкерлері жоспарға сәйкес Жусандой, Қоскөл, Егіндікөл ауылдық округ әкімі аппараттарында жұмыс барысымен болды.

Іс сапар кезінде округтерге бекітілген кураторлық міндеттер бойынша методикалық көмектер көрсетсе, құжаттамалық қамту және шаруашылық жұмыстары бөлімі тарапынан жұмыс барысында пайдаланатын бағдарламалық жүйелерде жұмыс жүргізілуі, хаттардың дұрыс рәсімделуі, мемлекеттік қызметшінің цифрлық жұмыс орнының ашылуы туралы әдістемелік көмектер көрсетіп, ақпараттық қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бірыңғай персоналды басқару (кадр қызметі) және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы М.Кенжеғалиева кадр мәселелері бойынша түсінік беріп,  мемлекеттік қызметшілердің жеке іс парақтарын қарап, «Е-қызмет» жүйесімен жұмыс жасау бойынша әдістемелік көмектер көрсетті.