
6 сәуір күні аудан әкімі аппаратының басшысы А.Карменов дербес бөлім басшылары және қызметкерлері, ауылдық округ әкімі аппаратының мамандарының қатысумен 2023 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша кеңес өткізді.
Жиын барысында құжаттамалық қамту және шаруашылық жұмыстары бөлімінің басшысы Н.Әділханов келіп түскен хаттардың орындалуы мен рәсімделуі, ҚР әкімшілік рәсімдік процессуалдық Кодексінің талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша баяндама жасап, тиісті ұсыныстар берді.
Сондай-ақ, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Д.Жәнібеков хаттамалардың, аудан әкімінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының I тоқсан бойынша орындалуына тоқталып, сұратылған ақпараттардың сапалы және мерзімінде беріліп отыруын бақылауда ұстау керек екендігін жеткізді.
Бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы М.Кенжеғалиева еңбек тәртібін сақтау, «Е-қызмет» персоналды басқару жүйесімен жұмысты қатаң бақылауда ұстау мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.