Жиын өтті

Жиын өтті

3 сәуәр күні аудандық мәслихат залында аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтанның төрағалығымен жиын өтті. Ауыл тұрғындары, қоғамдық ұйым жетекшілері және мекеме басшыларының қатысуымен өткен басқосуда екі мәселе қаралды. Ол ауыл тазалығын сақтау, мал бағымын ұйымдастыру.

Жиынды Жасұлан Кәрелұлы алғы сөзбен бастады.  
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз алған округ әкімі Беріқали Муса тазалық айлығына орай атқарылатын  жұмыстарға тоқталды. 
Аталған жиында ауыл тұрғындары көше шамдарының бағаналарын сырлауға, ауыл ішіндегі тазалыққа мән беруге, ауыл іргесін тұрмыстық қалдықтардан таза ұстауға, өлген малдарын мал моласына арнайы апарып салу жөнінде бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан тазалық айлығына орай барлық тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізуге, әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде насихат жұмыстарын күшейтуге және көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берді.