Aудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді

Aудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысына комиссия мүшелері, Қаратөбе ауданының прокуроры, ауылдық округ әкімдері және тиісті мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 2022 жылдың 4 тоқсанында өткізілген комиссия отырысы хаттамасының орындалуы бойынша аудан әкімі аппараты бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және  мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспектор заңгері В.Губайдуллинаның, сонымен қатар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің бастығы А.Елбаевтың, Сулыкөл ауылдық округінің әкімі Б.Зайнуллиннің, аудандық аурухана директорының орынбасары А.Муханованың  баяндамалары тыңдалды.

Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша комиссия мүшелерінің ұсыныс пікірлерін назарға ала отырып, аудан әкімі жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді.