
21 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай аудан тұрғындары үшін үлкен көлемде шара ұйымдастырылды. Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, киіз үйлерде еңбек ардагерлерімен кездесті. Мерекелік шара ұлттық ойындармен жалғасын тапты.