Ауданда сақтық шаралары күшейтілді

Ауданда сақтық шаралары күшейтілді

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты аудан орталығында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі полиция бөлімімен бірлесе отырып дыбыстық құрылғы арқылы қауіпсіздік шараларын сақтауға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

COVID-19 пневмониясымен күрес үшін Қаратөбе аудандық қоғамдық орындарда да сақтық шаралары қатаң бақылауға алынған.
Аудан әкімдігінің ұйымдастырумен тұрғындардың сауалдарына шұғыл жауап беру үшін арнайы Call–орталық жұмыс істейді. Call – орталық 8 (71145) 31 2 12 нөмірі арқылы тәулік бойы қоңыраулар қабылдайды.
Құрметті аудан тұрғындары! Қазіргі жағдайдың қаншалықты қиын екенін баршаңызда әлеуметтік желілер арқылы біліп отырсыздар, алайда әлі де немқұрайлықпен қарап көше кезіп жүрсіздер, маскалық режим сақталмаған, ғалымдардың айтуынша бұл дерт тек өзің-өзі оқшаулаудан кейін басылады деп отыр, сондықтан еш себепсіз үйден шықпаңыздар!
Барлықтарыңызды Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген нұсқаулықтарды қатаң сақтауға шақырамыз.