
Тәуелсіздікпен бірге қайта жаңғырған Наурыз мейрамы қазақ халқы үшін ерекше. Наурыз - жыл басы ғана емес, береке-бірліктің, ізгілік пен татулықтың, қайырымдылық пен кешірімділіктің, бауырмалдықтың мерекесі.
Ұлыстың ұлы күнінде ауданымызда игілікті шаралар ұйымдастырылуымен қатар, әр жыл сайын «Наурыз қоржын» таратылады.
Осы үрдіс бойынша аудан басшысы Жанат Асантаев аудан тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, «Наурыз қоржын» таратты.
-Наурыз – жаңару мен түлеудің, достық пен ынтымақ мерекесі. Мереке аясында баршаңызға амандық-саулық, береке-бірлік тілеймін.
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Мереке құтты болсын! - деді аудан басшысы Жанат Асылханұлы.