
1 наурыз «Алғыс айту» мерекесі қарсаңында Қаратөбе ауданының әкімі Қ.Сүйеуғалиев Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапханасы ғимаратында бейбіт күндері ерлік көрсетіп, оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайлар кезінде белсенділік танытқан ауданның бірқатар азаматтарымен кездесті.
Қатысушылар бастан өткерген оқиғаларын әңгімелей отырып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу соңында, аудан әкімі кеш қонақтарын алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.