
Батыс Қазақстан облысының аумағында республикалық «Көктем – 2023» командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді
Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдары, күштері мен құралдарының 2023 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға даярлығы».
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ басқару органдары, күштер мен құралдарды көктемгі кезеңге дайындау мақсатында 2023 жылғы 2-3 наурыз аралығында Қаратөбе ауданында республикалық «Көктем – 2023» командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді.