
Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын халықтық сипаттағы мерекеге айналды.
Осы мереке қарсаңында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиевтың атынан түрлі байқауларда жетістіктерге жетіп жүрген талантты оқушыларға облыс көлемінде «Наурыз нұры» мерекелік шарасын ұйымдастыру жоспарланған болатын.
Қазір еліміз бойынша төтенше жағдай жарияланды. Мерекелік іс-шаралар тоқтатылғанымен аудан әкімі Жанат Асантаев пен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берік Ғарапшиев Наурыз мерекесіне орай үй-үйді аралап, бір топ балаларға көңіл бөліп, облыс әкімінің арнайы сыйлықтарын табыстап, балалар мен отбасыларына амандық тілектерін тіледі.
Ата-аналар облыс, аудан, білім бөлімі басшылығына алғыстарын білдірді.