Жеке кәсіпкерлер медициналық бетперде (маска) тігуді қолға алды

Жеке кәсіпкерлер медициналық бетперде (маска) тігуді қолға алды

Бүгінгі таңда елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты дәріханаларда бетперде (маска) тапшылығы болып жатқаны белгілі.
Осы орайда аудан әкімі Жанат Асантаев 16 наурызы күні жеке кәсіпкерлер - тігін ательесі иелерімен кездесіп, «Қаратөбе аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» келісімімен бетперде тігуді ұсынған болатын.
Қазіргі таңда «Диана», «Гүлсезім», «А.А.» тігін ательелері масканы көп мөлшерде тігіп, аудан тұрғындарына сатуды бастап кетті.
«А.А.» тігін ательесінің негізін қалаушы Ақбөбек Асылбекқызы өз жұмысшыларымен бірігіп, еріктілер жылына орай тегін түрде халыққа медициналық бетперде тігіп берді.
Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық мамандары және аудан еріктілері аудан тұрғындарына тегін таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.