Қауіпсіздік шараларын жүргізді

Қауіпсіздік шараларын жүргізді

Қаратөбе аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ұйымдастыруымен аудандық сараптама орталығы мамандарының қатысуымен аудандағы «M&G» супермаркетінде және «Гүлрайхан» дүкенінде коронавирус инфекциясы, ЖРВЖ, тұмау және басқа да ауа-тамшы инфекцияларының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

– Вирустық инфекциялардың жалпы сипаттамасы, коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы, қаупі, инфекцияның таралу жолдары және алдын алу шаралары туралы айтылды. Емдеудің нәтиже беруі аурудың алғашқы белгілері пайда болған күннен бастап медициналық көмекке уақытылы жүгінуге байланысты екендігіне аса назар аударылды. Үнпарақ, жадынамалар үлестірілді, - дейді Қаратөбе аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары.