Аудан әкімінің Егіндікөл, Қоскөл ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі

Аудан әкімінің Егіндікөл, Қоскөл ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында 2022 жылдан бастап әкімдер халық алдында тоқсан сайын есеп береді.

 Қаратөбе ауданының әкімі Қ.Сүйеуғалиевтің ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі 24 қаңтар күні Егіндікөл, Қоскөл ауылдық округтерінен басталды.

Халықпен кездесуде аудан, ауылдық округ әкімдері есепті мерзім ішінде атқарған жұмыстарды баяндады. Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға, ұсыныс-пікірлерге жауап берді.