Кезектен тыс XXVII cессия

Кезектен тыс XXVII cессия

Қаңтар айының 17-сі күні аудандық мәслихаттың VIІ шақырылымдағы кезектен тыс ХХVIІ сессиясы оздырылды.

Сессияның күн тәртібінде аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтың 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы, «Округтік сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы»  аудандық мәслихат аппаратының басшысы  Жора Жанғазиевтың, «2023 жылға Қаратөбе ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы   Берік Нұрмағамбетовтың хабарламалары тыңдалды.

Сессияда хабарламашы Берік Базарұлына мәслихат депутаттары тарапынан көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу бағытында көрсетілетін әлеуметтік қолдау турасында  көптеген сауалдар қойылды. Ауданның бас қаржыгері Б.Нұрмағамбетов мәслихат депутаттарының көтерме жәрдемақы мен үй сатып алуға немесе салуға қанша қаражаттың қаралғаны, оның көлемі және оны алу үшін қандай құжаттар тапсырылуы тиіс деген сауалдарына жауап берді.