
Ағымдағы жылдың 16 қаңтар күні аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев ауданымыздағы шаруа қожалықтардың өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында аудан бойынша 2022 жылы ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстардың қорытындысы және 2023 жылға арналған жоспарлар талқыланды. Сонымен қатар, аудан басшысы бұл кездесу арнайы осы бағытта туындап жатқан мәселелерді кеңінен талдап өтуге арналғанын жеткізді.
Шаруа қожалығы басшылары тарапынан жер мәселесі, тұрғындардың мал бағымын ұйымдастыру сынды ұсыныстар айтылды. Айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша аудан әкімі тиісті сала басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.