
Бүгін Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудан әкімі Жанат Асантаев ерен еңбегі сіңген аналар қауымын құттықтап шықты.
Көпбалалы ана, «Батыр ана» алқасының иегері Жеміс Наурызова, Маруся Бердалина сынды кейуаналардың шаңырағына барып, аудан әкімі Жанат Асылханұлы мен округ әкімі Айдос Орынбайұлы мейрамдарымен құттықтады. Риза болған батыр аналар ақ батасын беріп, алғыстарын білдірді.
Ауыл әкімі Айдос Әмірғали ұзақ жылдар ұстаздық қызметте болған, зейнеткерлік жастағы Сәния Қабдекенқызы, Қарлығаш Сәрсенғожинаның үйінде болып, шуақты мереке қарсаңында сыйлықтар мен аудан әкімінің құттықтау хатын табыстады.