Өңір басшысы Қаратөбеде

Өңір басшысы Қаратөбеде

28 желтоқсан күні облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданында болып, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Шалғын ауылында жүріп жатырған құрылыс жұмыстармен танысты.

Алдымен, өңір басшысы Шалғын ауылында салынып жатырған мектеп құрылысымен танысты. Құрылыс жұмысын жүргізіп жатырған мердігер «Жиенбай» ЖШС құрылыс бригадасы. Мектеп құрылысы 60 орынға арналған.

Өңір басшысы құрылыс нысанын аралап, мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын шартта көрсетілген мерзімде аяқтауды және әрі сапалы жасауды жүктеді.

Одаң соң өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуде облыс әкімі тұрғындарды жаңа баспаналарымен құттықтап, ұсыныс тілектерін тыңдады. Кездесуде ауыл тұрғындары облыс басшылығына алғыстарын білдіріп, жол, жарық, жаңа үйдің құжаттарын рәсімдеу, мектеп құрылысының уақытында аяқталуын қадағалау сынды мәселелерді көтерді.

 Өңір басшысы кездесуде көтерілген үйдің құжаттар мен мектеп құрылысы толыққанды өзінің бақылауына алынып, қадағалауында болатынын жеткізді. Жол және жарық мәселесі біртіндеп шешілетінін жеткізді.

Сапар барысында өңір басшысы жаңадан салынған тұрғын үйлерді аралап, су тасқынының алдын-алуға бағытталған ауыл сыртындағы бөгет жұмысымен танысты.