
24 желтоқсан күні Қаратөбе ауданында «Ашық әкімдік» іс-шарасы өтті. Айтулы іс-шарада аудан әкімі, аудандағы мекемелер мен бөлімдер басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері аудан тұрғындарына қабылдау жүргізді.
Аудан әкімінің қабылдауында ауданның Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Темір ауылының және Сулыкөл округіне қарасты Үшана ауылының тұрғыны болды.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қойылған мәселелерге байланысты аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы тиісті жауаптарын айтып, заң шеңберінде түсініктер берді.