
«Жыл үздігі - 2022» байқауы биылғы жылы ауданымызда 7-ші рет өткізілуде.
Аталмыш байқау 2015 жылдан бері дәстүрге айналған жастарды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, жастардың елдің қоғамдық-саяси, мәдени -экономикалық өміріне деген белсенділігін арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып келеді.
Биылғы жастар сыйлығы арнайы 6 аталымдардан тұрды.
Шарада аудан әкімі Қадыржан Сүйеугалиев алғысөз алып, жастарды құттықтап, жастар саясатының дамуына, қоғам өміріне белсенді араласып, зор үлес қосып жүргендері үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, Қаратөбе жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нүркен Азамат өз құттықтау сөзін сөйлеп, ауданымызда волонтерлік қозғалыстың дамуына елеулі үлес қоса отырып, өңіріміздің өркендеуі жолында ерекше көзге түскен волонтерларды марапаттап, жастарға мол сенім білдірді.
Бұл байқауға 2022 жыл бойынша облыс, аудан,республика көлемінде жастар қозғалысының дамуына белсенді араласып, өз саласында кәсіби шеберлігін көрсеткен мамандар қатысты.
Байқау қорытындыcы арнайы комиссия шешімімен анықталып, төмендегідей болды:
1."Үздік жас ұстаз" - Қуанышбек Ернар Қуанышбекұлы
5."Үздік жас кәсіпкер" - Шұқанова Кәмшат Тлекқабылқызы
6."Үздік жас волонтер" - Каримова Марина Бисенқызы және Атбегілік өнерді дамытып, аламан бәйгелерден көзге түсіп жүрген Берік Жанарыс Жалғасұлы марапатталды.
Алғыс хат иелері:
Шолпан Алтайқызы
Оралбай Аязбекұлы
Алишер Қуанышбайұлы
Айқын Асылбекұлы