Үш жылдық бюджет бекітілді

Үш жылдық бюджет бекітілді

Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІ шақырылымдағы кезекті ХХV сессиясы оздырылды.

Сессияның күн тәртібіне сай «Аудандық жұмыспен қамту орталығының жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы» аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Махамбет Қажыгереевтің, «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетовтың, «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары мен мәслихат аппаратының шығыстарын бекіту туралы» аудандық мәслихат аппаратының басшысы Жора Жанғазиевтың, «Аудан әкімдігі құрамын келісу туралы», «Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы құрамын бекіту туралы», «Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы құрамын бекіту туралы», «Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы құрамын бекіту туралы», «Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясы құрамын бекіту туралы» аудан әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы Дат Жәнібековтың хабарламалары тыңдалды.

Аудандық мәслихат депутаттары Айгөлек Андирова мен Гүлмира Тлеуғалиева жұмыспен қамту орталығында атқарылған жұмыстарға байланысты пікір қосып, аудандық бюджеттен алдағы уақытта атқарылатын іргелі істерге қаралған қомақты қаржының бөлінгеніне ризашылығын білдіріп, сессияда қаралған барлық мәселелер депутаттар тарапынан бірауыздан қабылданатына сенім білдірді. Күн тәртібіне сай қойылған барлық мәселелерді мәслихат депутаттары бірауыздан бекітті.

Сессияны қорытындылаған аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы жыл бойына атқарылған жұмыстар бойынша мәслихат депутаттарына ризашылығын айтып, мекемелер басшылары мен ауылдық округтер әкімдеріне міндеттер мен жоспарлы жұмыстарды орындауда жауапкершілік таныту қажеттігін назарға салды.

"Қаратөбе өңірі" газеті