
Желтоқсанның 20-сы күні аудан орталығындағы мəдениет үйінде «Балалар жылын» қорытындылау салтанатына орай «Бала Fest» өнер фестивалі өтті. Аталмыш шарада шығармашылық жетістіктерімен көзге түскен ауданның жас өрендері өз өнерлерін ортаға салды.
«Балалар жылы» аясында ауданда атқарылған жұмыстар мен өнерлі балалардың шығармашылық жолында қол жеткізген жетістіктері көрсетілді.
Аудан əкімі Қадыржан Сүйеуғалиев өнер фестивліне қатысып, шығармашылық жетістіктерімен танылған бір топ балғын өнерпаздарды алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыстады.