
16 желтоқсан күні көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Шалғын ауылының тұрғындарына салтанатты түрде 23 тұрғын үйдің кілтін табыс ету шарасы өтті.
Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев тұрғын үйдің ашылу салтанатында барша жиналған жұртшылықты Тәуелсіздік мерекесімен және қоныс тоймен құттықтады. Сонымен қатар, баспаналы болған ауыл тұрғындарына пәтерлердің кілтін табыстады.