
Аудан әкімі Жанат Асантаев Орал қаласындағы «Қоржын» мейрамханасында Қаратөбе өңірінен шыққан бір топ жерлес кәсіпкерлермен ашық диалог алаңында бас қосты.
Аудан әкімі Ж.Асантаев: «Орта және шағын кәсіпкерлік басшыларының басын қосудағы мақсат ел болашағы үшін келелі мәселерді бірге, ақылдаса отырып шешу, елдің өркендеуіне танытар белсенділік, қосар үлес үйлесімділікпен жалғасын тапса, бәрімізге ұтымды, абыройлы іс болар. Бизнес саласын өркендетудегі мүдде-мемлекеттік қызметкерлер тарапынан туындап жатқан шешімсіз мәселелер болса, жалпы тілек мақсаттарыңыз жөнінде ашық әңгіме құру үшін бас қосып отырмыз. Ойларыңызды ашық айтып, жақсы пейілмен жарқын істерге жаршы болайық», - деген сөзін жеткізді.
Кездесу барысында аудандық ауыл шаруашылғы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов шағын және орта кәсіпкерлік жетекшілеріне аудандағы бос жер телімдерінің, кәсіпкерлердің жай-күйі туралы слайд түрінде қысқаша таныстырып өтті.
Аталмыш кездесу барысында кәсіпкерлік саласындағы түрлі мәселелер талқыға салынып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Аудан басшысы қолдау білдіруге қашанда әзір, ең бастысы кәсіпкерлер нақты шешім шығарса, өңірімізідің тасы өрге домалайтындығы сөзсіз.
Сондай-ақ кездесу барысында ауданымызға құрылыс материалдарын алып келу жөнінде, жанармай бектін салу сынды кәсіпкерлерден ұсыныс түсті.
Айта кету керек кездесуге 40-қа жуық жерлес кәсіпкерлер қатысты.