Комиссия отырысында 4 мәселе қаралды

Комиссия отырысында 4 мәселе қаралды

5 қараша күні аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудан әкімі, комиссия төрағасы Қадыржан Сүйеуғалиевтың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы оздырылды.

Отырыстың күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.

Аудандық төтенше жағдай бөлімінің басшысы М.Искаковтың ағымдағы жылдың өрт қауіпті маусымының қорытындысы, 2022-2023 жылдардағы қысқы кезеңдегі су айдындарындағы қауіпсіздік, аудандағы құлақтандыру жүйелерінің жағдайы, 2022 жылғы үшінші тоқсандағы хаттаманың орындалу барысы және комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы хабарламасы тыңдалды.

Комиссия отырысын қорытындылаған аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы өрттерді болдырмаудың алдын алу жұмыстарын биылғы жылдағыдай үлкен жауапкершілікпен атқарып, сақтық шараларын өз деңгейінде жүргізу қажеттігін комиссия мүшелерінің назарына салды.