Қаратөбеде жаңа кәсіпкерлік нысаны ашылды

Қаратөбеде жаңа кәсіпкерлік нысаны ашылды

Қаратөбеде шағын және орта бизнес дамып, жеке кәсіпкерлікпен айналысам деушілердің қатары күннен күнге артып келеді. Шағын кәсіпкерлікті дамытуды басты назарға ұстаған ауыл  азаматы, жеке кәсіпкер Нұрхат Отаубаев «Nurai» атауымен жаңа тойхана ашты.

Ауыл тұрғындарының үлкен қуанышына айналған жаңа ғимарат салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанатына ауыл тұрғындары өте көп жиналды. Тойлар мен түрлі мерейлі қуаныштарға қызмет көрсетуге арналған зәулім кешенді жеке кәсіпкер Нұрхат Мағалымұлы өз қаражаты есебінен тұрғызып отыр.

Жаңадан салынған ғимараттың ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев құттықтау сөз сөйледі.

Тойхананың ашылуына жиналған жұртшылық алдында кәсіпкердің анасы Айсұлу Рысқалиева аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлымен бірге салтанатты лента қию рәсімін жүргізді.

Жаңа нысан әсем безендіріліп, соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жеке кәсіпкер тойхана қызметіне 6 жергілікті тұрғынды жұмысқа тартып отыр.