Кезектен тыс сессия оздырылды

Кезектен тыс сессия оздырылды

29 қарашада Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІ шақырылымдағы кезектен тыс ХХІІІ сессиясы оздырылды.

Қаратөбе аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Ляззат Есқазиева хабарлама жасады.

 Күн тәртібіндегі екінші мәселеге сәйкес Қаратөбе ауданы бойынша «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Сахиповтың хабарламасы тыңдалды.

Сессияны қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов күн тәртібіндегі екінші мәселе коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту барысында кездесетін қиындықтар туралы әңгімелеп, мәселені жүйелі ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Кезектен тыс сессияға аудандық мәслихат хатшысы, депутат Н.Меңдешов төрағалық етті.