Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы Жанат Асантаев аудан тұрғындарын қабылдады.
Жер мәселесімен Жусандыой ауылдық округіне қарасты Ханкөл елді мекенінің тұрғыны Қаныбек Ғабитұлы, Жусандыой ауылдық округіне қарасты «Көкөзек» шаруа қожалығына қосымша жер қажеттігін айтып, өтініш жасады.
Қаныбек Ғабитұлы жер теліміне байланысты өңірде өткен конкурсқа байланысты өз ойын айтты.
Аудан әкімінің орынбасары Рашит Нәсіпқалиұлы және аудандық жер қатынастары бөлімінің маманы өтініш иесі Қаныбек Ғабитұлына конкурстың өту ережесі туралы түсінік беріп, конкурсттардың барлығы заң шеңберінде жүргізілетіндігін алға тартты.
Аудан басшысының қабылдауына Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Қазиев, «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов қатысты.