Әдеп жөніндегі уәкіл кездесу өткізді

Әдеп жөніндегі уәкіл  кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 7 қараша күні аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл А.Карменов кейбір дербес бөлім басшыларының және мамандардың қатысымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарының сақталуын, сонымен қатар «Қазақстан  Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан  Республикасының Заңының 13 -бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, тиісті профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.