«Заң керуені» Қаратөбеде

«Заң керуені» Қаратөбеде

27 қазан күні Қаратөбе ауданына «Заң керуені» акциясы аясында облыстан өкілдер келіп, халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, заңдарды түсіндіру мақсатында жиын өткізді.

Жиналысқа Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Азамат Сәтбаев, Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары Арман Төремұратов, әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ибраймов, Батыс Қазақстан облысы жер ресурстарын басқару басқармасы басшысының орынбасары Тахир Нұрахметов, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сатқан Өмірзақов, облыстық мәслихат депутаты Әлия Салиева, Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, аудан прокуроры Алмас Таспихов қатысты.

Жиналыстың күн тәртібіне сай «Заң керуені» акциясы аясында ведомствоаралық жұмыс тобы құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізді.

Жиналыстан кейін құқық қорғау органдарының басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойнынша қабылдап, заң шеңберінде кеңес берді.

Облыстан келген жұмыс тобы Алаш және Қ.Хасанов атындағы тарихи-өлкетану музейіндегі жәдігерлер және тарихи құжаттармен танысты.