Аудан әкімі ат үстінде

Аудан әкімі ат үстінде

Еріктілер жылы аясында аудан әкімі Жанат Асантаев ауданымыздың жас еріктілерімен кездесіп, атқа міну мәдениетін үйретті.

Шара барысында жастар ат әбзелдерімен танысып, оның орналасу реттілігін тамашалады. Артынша сайгүліктің құлағында ойнайтын шабандоздардың ойындарын тамашалап, тәнті болды. Аудан басшысы алғаш болып атқа отырып жастарға үлгі көрсетсе, көкпаршылар жылқы үстінде жұлмаласа жүріп көкпар ойынын көрсетті. Сондай-ақ еріктілер жылқы жануарымен жақын танысып, атқа міну әдебін ұғынды.
- Мұндай шаралардың ықпалы арқылы ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігімен жете танысып, атқа міну мәдениетін насихаттауымз керек. Атқа мінудің денсаулыққа пайдасы да зор, - дейді аудан басшысы Жанат Асылханұлы.