
25 қазан - Республика күніне орай ұйымдастырылған Мемлекеттік Туды салтанатты көтеру және «Патриотизм дауысы» Мемлекеттік гимнді жаппай орындау шарасы өтті.
Ауданның орталық саябағында көк байрағымыз көтеріліп, әнұранымыз шырқалған шарада аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев аудан тұрғындарын бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын ұлттық мерекемен құттықтады.