
21 қазан күні аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев «Кітапханашылар күні» мерекесіне орай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде өткізілген мерекелік шараға қатысты. Аудандағы сала мамандарын және ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, шара барысында алғыс хаттармен марапаттады.