
16 қазан күні аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев Аққозы ауылдық округін ауыз сумен қамтитын Көлқамыс қыстағы маңында қосымша ұңғымалық құдық қазу жұмыстарымен танысты. Халықпен кездесулерде көтеріліп жүрген маңызды әлеуметтік мәселе екенін ескере отырып, жұмыс сапасына аса мән беруді тапсырды.
Сонымен қатар көктемгі су тасқыны кезінде бұзылған Ақтай-сай ауылының кіре беріс өткелінің жөндеу жұмыстарымен танысып, жұмысты мерзімінде сапалы аяқталуын қадағалауды тапсырды.