Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиев Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округінде жұмыс сапарымен болды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиев Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округінде жұмыс сапарымен болды

Ағымдағы жылдың 14 қазан күні облыс әкімі Ғ.Есқалиев Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округінде жұмыс сапарымен болды. Алдымен өңір басшысы ауылдық округ орталығында жеке инвестор қаражатына салынып жатырған мешіт үйі құрылысымен және 2020 жылы күрделі жөндеуден өткізілген Қалдығайты ЖОББМ жұмысымен танысып, арнайы жасақталған қолөнер бұйымдарының көрмелерін тамашалады.

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің жұмыс сапары мәдениет үйінде аудандық мекемелер мен ұйымдардың басшыларымен және мәслихат депутаттарымен, сондай ақ, ауыл тұрғындарымен кездесуде жалғасты. Кездесуде аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев Сулыкөл ауылдық округінің тыныс-тіршілігімен таныстырып, атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Аудан әкімінің баяндамасынан кейін сөз алған облыс әкімі тұрғындардан түскен ұсыныс пен сұрақтарға жауап берді.

Облыс әкімі кездесуден кейін тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдау өткізді.