
12 қазан күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы М.Байсалов Қаратөбе ауданына жұмыс сапарымен келді. Алдымен аудан әкімдігі ғимаратында орналасқан «Ашық әкімдік» жобасы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қаратөбе ауданы бойынша филиалының жұмыстарымен танысып, азаматтарға жеке қабылдау жүргізді.
Кейін Мұрат Сейілбекұлы аудан активі мен аудандағы мемлекеттік қызметшілермен жиын өткізді. Жиынды аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сала мамандары баяндама жасады.
Жиында мемлекеттік қызметке орналасу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері қаралып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.