
Ағымдағы жылдың 7 қазан күні аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев Жусандой ауылдық округіне қарасты Ханкөл ауылының тұрғындарымен кездесті. Халықпен кездесуде ауылдық округ әкімінің есепті мерзім ішінде атқарған жұмыстары тыңдалып, тиісті мекеме басшылары тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлер назарға алынды. Сонымен қатар, аудан басшысы ауыл тұрғындарына жеке қабылдау жүргізді.